«Бибол Құдайназаров ат. негізгі ОМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің , ұжымның бір жағадан бас , бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.Осы орайда ауыл мектебінің бүгінгі бет-бейнесін жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан «Бибол Құдайназаров атындағы негізгі білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі Түркістан обылысы , Қазығұрт ауданы Қызылбұлақ ауылының орталығында орналасқан. Мектептің алғашқы ірге тасын 1934 жылы қалаған, 1935 жылы бастауыш мектеп ашылып, қарасөздің хас шебері Ашлитаев басшылық қызметтін атқарған. Мамаев Тағай Қожахметов алғаш рет шәкірттерге дәріс берді . 1943 жылы Ворошилов атындағы орта білім беретін жеті жылдық мектепке айналды. Алғашқы басқару қызыметтін атқарған Жүнісов Дархан есімді Қаржан ауылының азаматы . 1950 -1954 жылдары Құлтаев Еркебай басқару қызметтін атқарды. Қазыналы білім ордасына айналған мектеп ұжымында 1941 -1954 жылдарда мектептің шаруашылық және оқу –тәрбие жұмыстарын жақсартуда
аянбай еңбек еткен ұстаздар қатарына Құдайназаров Бибол , Калменов Манап, Тұрдықұлов Шоңай, Тұрғынбаев Салыбай, Шыршықбаева Гүлбахрам атауға болады.
1954 жылы ел «Келес» ауданына көшіріліп Ворошилов атындағы орталау мектеп жабылып, орнында «Қаракемер» бастауыш мектеп ашылды.
1954– 1990 жылдар аралығында мектептің меңгерушісі болып Беркімбаев Ешімқұл қызмет істеді.
1958 жылы салынған «Қаракемер» мектебі тозып, 1986 жылы қайта тұрғызылды.
Аудандық ономастика комиссиясының шешімімен мектепке 1986 жылы «Бибол Құдайназаров» атындағы бастауыш мектеп атауы беріледі.
1990-1994 жылы мектеп меңгерушісі болып Мамыров Бегалы атқарады.
1994-2001 жылы мектеп меңгерушісі болып Беркімбаев Қуатбек атқарады.
2001 жылы балалар саны өсуіне байланыста мектептің кеңейтілген жаңа құрылысы пайдалануға беріледі.
2001 жылы 13 қыркүйекте аудан әкімі шешімімен бастауыш мектеп «Бибол Құдайназаров атындағы негізгі мектеп» болып қайта құрылды. Мектеп басқару қызметіне Мәуленов Әкімхан Сейдуллаұлы тағайындалды. 2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін мектеп басқару қызметін атқарды.2002 жылы алғаш рет мектеп түлектері орта білім туралы аттестат алды.
2002 жылдан 2017 жыл 10 қараша аралығында А.Ағабеков мектеп басшылығын атқарып» Бейнеттің де зейнеті бар» дегендей бүгінде адал еңбегінің арқасында көпшілікке танымал, жастарға жол сілтеп, ақыл айтар абыз қарияға айналды.
2017 жылы жаңа мектептің құрылысы басталып , 2018 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Ұлағатты ұстаз , елге қадірлі , өзінің парасаттылығын көрсете білген, сондай саналы ғұмырын баланың білімі мен тәрбиесіне арнаған Беркімбаев Қуатбек 2017 жылдың 11 қарашасынан бастап, мектеп басқару қызметтіне тағайындалып өзінің еңбек жолын жауапкершілікпен атқарып келеді.
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
